5 маусым күні қаламыздың орталық саябағында табиғатқа қамқорлық көрсету мақсатында Жетісу облысы С.Сейфуллин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен,бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Табиғатты қорғау – қасиетті іс» атты шара өткізілді.
Шара барысында, кітапханашы Қ.Садырбекова қала тұрғындарын кітап көрмесімен таныстырып, табиғатымызды ластамауға оны аялауға шақырды.
Шараның мақсаты: Табиғатты қорғау - адамзаттың парызы екендігін негізге ала отырып, жас ұрпақты туған жердің табиғатын аялауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету, экологиялық тәрбие беру.
«Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп халық даналығында айтылғандай, табиғатты қорғау біздің міндетіміз, болашақ ұрпаққа қалдырар байлығымыз. Сондықтан табиғаттың жанашыры болу әр адамның міндетті борышы екенін біліп жүрейік!
|